26.11.2025
RU
Мәзір

Colman Domingo and Jude Law at amfAR’s Venice Gala

Той кортежі: Түркістанда жол ережесін бұзған жүргізушілер жазаланды

|
Photo: Фото: freepik.com
Colman Domingo and Jude Law at amfAR’s Venice Gala

Той кортежі: Түркістанда жол ережесін бұзған жүргізушілер жазаланды

|
Photo: Фото: freepik.com

Түркістан облысының полицейлері өңірлік тасжолдардың бірінде жол ережесін өрескел бұзған той кортежінің 4 жүргізушісін ұстап, оларды жауапкершілікке тартты, деп хабарлады Elordainfo.kz ІІМ ресми сайтына сілтеме жасап. 

Ведомство ақпаратына сәйкес, тәртіп сақшылары Toyota Land Cruiser, JAC, ВАЗ-2115 және ВАЗ-21099 маркалы көліктердің жүргізушілерін анықтап, оларды жол ережесін бұзғаны үшін жауапкершілікке тартты. Жүргізушілерге жол-көлік оқиғасына әсер етуі мүмкін қауіпті жағдай туғызғаны, жол белгілерінің талаптарын орындамағаны және өзге көлік құралдарының қозғалысына кедергі жасағаны үшін шаралар қолданылды.

«Құқық бұзушылардан «стробоскоп» құрылғысы тәркіленді. Оларға көлік құралдарына арнайы жарық және (немесе) дыбыс белгі беру құрылғыларын заңсыз орнату, сондай-ақ жедел және қызметтік автокөліктерге арналған түрлі түсті жарқылдауық құрылғысын заңсыз қолдану бойынша әкімшілік шаралар қабылданды. Көліктер арнайы айыптұраққа қойылды», - делінген полиция хабарламасында.

Полицейлер жүргізушілермен профилактикалық түсіндіру жұмыстарын жүргізіп, жол қозғалысы ережелерін қатаң сақтау қажеттігін еске салды. 

Тәртіп сақшылары азаматтарды жолда жауапты болып, заң талаптарын мүлтіксіз орындауға шақырды.

Ұқсас жаңалықтар

Барлығы ↗