ЖИ және көміртекті егіншілік: АШМ цифрлық шешімдерді енгізуде

Бүгін, 16:46
Ернұр Қайнар Ернұр Қайнар
ЖИ және көміртекті егіншілік: АШМ цифрлық шешімдерді енгізуде
Фото: primeminister.kz

Ауыл шаруашылығы министрлігі ауылшаруашылық жерлерінің карталарын цифрландыруды аяқтады. Саланың «цифрландыруға» көшуі туралы ауыл шаруашылығы министрі Айдарбек Сапаров Үкіметтің бір жылдық қызметінің қорытындыларына арналған баспасөз мәслихатында мәлімдеді, деп хабарлады Elordainfo.kz.

Алдағы жылдың негізгі жобаларының бірі ФАО-мен топырақтағы көміртегі құрамын көрсететін карта құру бойынша ынтымақтастық болады. Бұл көміртегі шаруашылығын дамыту және «жасыл» инвестицияларды тарту үшін қажет.

«Біз сондай-ақ саланың жағдайын талдау үшін жасанды интеллект пен Big Data енгізу бойынша жұмыс істеп жатырмыз. Цифрлық деректер фермерлерге сапалы шешімдер қабылдауға, ал мемлекетке – субсидиялау, агроқұрылым және жер мониторингінің тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді», - деп түйіндеді Айдарбек Сапаров.