Жеңіс Қасымбек: «Енді автотұрақсыз бірде-бір тұрғын үй салынбайды»
25 маусым, 2025
Фото: Instagram/Jenis_Qasymbek
Бұл туралы Астана қаласының әкімі Жеңіс Қасымбек Qazaqstan арнасына берген сұхбатында айтты, деп хабарлады Elordainfo.kz.
«Былтыр Астана қаласында 4 млн 500 мың шаршы метр тұрғын үй іске қосылды. Жаңадан салынып жатқан тұрғын үйлерде міндетті түрде астында автотұрақ болуы керек. Жиырма, он бес, он жыл бұрын салынған үйлердің, әсіресе, әлеуметтік осал топтар тұратын үйлердің астында паркингтер болған жоқ. Сондықтан бұл мәселені шешетін жолдар бар. Сол үйлердің қасында келесі жылдан бастап, қазір жобалап отырмыз, қала бойынша көпқабатты автотұрақтар салынатын болады. Жаңа үйлерде міндетті түрде паркингтер болуы қажет. Паркингсіз енді бірде-бір үй салынбайды», - деді Жеңіс Қасымбек.
Ұқсас жаңалықтар
Бүгін, 15:59
Астанада жарты жылда тұтынушыларға 306 млн теңге қайтарылды
Бүгін, 14:48
Астанадағы «Келешек мектептерінің» директорлары Қытайда ЖИ-ді меңгеріп жатыр
Бүгін, 12:52
Домбыра, жыр және цифрлық технологиялар: Астанада «Асыл мұра» ауқымды концерті өтеді
Бүгін, 08:53
«Астана» – «Жеңіс» матчынан кейін жанкүйерлер трибунаны тазалап шықты