12.11.2025
RU
Мәзір

Colman Domingo and Jude Law at amfAR’s Venice Gala

Жамбыл облысында 930 бала медициналық тексеруден өтпей қалған

|
Photo: Фото: freepik
Colman Domingo and Jude Law at amfAR’s Venice Gala

Жамбыл облысында 930 бала медициналық тексеруден өтпей қалған

|
Photo: Фото: freepik

Жамбыл облысында прокурорлар кәмелетке толмағандарды медициналық тексеруден өткізу кезінде бұзушылықтар анықтады, деп хабарлады Elordainfo.kz Бас прокуратураға сілтеме жасап. 

 
Жуалы ауданының прокуратурасы міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру саласындағы заңдылықтың жай-күйіне жүргізген талдау барысында медициналық мекемелердің балаларға профилактикалық медициналық тексерулер ұйымдастырмағанын анықтады.
 

«Атап айтқанда, ағымдағы жылы Жуалы ауданының 7 білім беру ұйымында 930 кәмелетке толмаған бала арнайы медициналық тексеруден өтпеген, бұл олардың кепілдендірілген медициналық көмек алу құқығын бұзу болып табылады», - делінген хабарламада. 
 

Прокурорлық қадағалау актісінің негізінде балалар тексеруден өте бастады, ал кінәлі тұлғалар тәртіптік жауапкершілікке тартылды.
 
Прокуратура балалардың құқықтарын қорғау бойынша жұмысын жалғастырады.

Ұқсас жаңалықтар

Барлығы ↗