Жаслан Мәдиев Starlink жүйесінің Қазақстандағы жұмысқа дайындығын тексерді

Жаслан Мәдиев Starlink жүйесінің Қазақстандағы жұмысқа дайындығын тексерді
Фото: Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігі

Премьер-Министрдің орынбасары – Жасанды интеллект және цифрлық даму министрі Жаслан Мәдиев Starlink өкілдерімен елімізде спутниктік технологияларды енгізудің аралық нәтижелерін талқылады, деп хабарлайды Elordainfo.kz министрліктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Жиында 2025 жылы 12 маусымда қол қойылған келісімнің жүзеге асырылуы қарастырылды. Жоба қазір белсенді кезеңге өтті. Компания ел аумағында жерүсті инфрақұрылымын өрістетуге кірісті. Тараптар келісім аясындағы міндеттемелердің орындалуын егжей-тегжейлі талдап, жүйелердің техникалық дайындығын бағалады.

Спутник желісінің жұмысының реттеуші нормаларға сәйкестігіне ерекше назар аударылды.