Жанарбек Әшімжан: Бұл - жаңа тарихи кезеңнің басталуы

Бүгін, 14:48
Жібек Наурыз Жібек Наурыз
Жанарбек Әшімжан: Бұл - жаңа тарихи кезеңнің басталуы
Фото: видеодан скриншот/Qazaqstan.тv

«Референдум–2026» онлайн-марафонында ҚР Парламенті Мəжілісінің депутаты, Конституциялық комиссия мүшесі Жанарбек Əшімжан осылай деді, деп хабарлады Elordainfo.kz Qazaqstan.tv-ға сілтеме жасап. 

«Жаңа Конституция жобасының 1-бабынан бастап, 11 бөлім, 95 бап, 320 тармақтың барлығы Тәуелсіздікті қорғауға бағытталған. Әдеби, мәдени ғылыми тұрғыдан бастап, экономикалық тәуелсіздік, саяси тәуелсіздік, ішкі және сыртқы тәуелсіздік, адамдардың ар-ұждан бостандығы, жалпы шекаралық тәуелсіздік барлығы осы мақсаттқа арналды. Меніңше, бұл жаңа тарихи кезеңнің басталуы деп ойлаймын», - дейді Жанарбек Әшімжан.

Еске салайық, бұған дейін «Референдум-2026» онлайн-марафоны басталғаны туралы хабарладық.