Жаңа Конституция жобасы: «Жедел дамитын қалалар» тетіктерін енгізу нормалар көзделген
Өнеркәсіп және құрылыс министрі Ерсайын Нағаспаев ведомствода жалпыұлттық талқылауға шығарылған жаңа Конституцияның жобасы қаралған аппараттық кеңес өткізді, деп хабарлайды Elordainfo.kz министрліктің баспасөз қызметіне сіілтеме жасап.
Өнеркәсіп және құрылыс министрі Ерсайын Нағаспаев конституциялық реформа мемлекеттің дамуындағы маңызды кезең екенін және қоғамның жаңару, орнықтылық пен елдің ұзақ мерзімді дамуына деген сұранысын айқын көрсететінін атап өтті. Оның айтуынша, жаңа Конституция жобасы барлық өңірлердің өкілдері, кәсіби қауымдастықтар, сарапшылар мен азаматтық қоғам қатысқан ауқымды әрі ашық жұмыстың нәтижесінде әзірленген.
Министр білім беру, ғылым, мәдениет және инновациялар саласындағы басымдықтарды, сондай-ақ ғылыми және техникалық шығармашылық еркіндігін Негізгі заңда бекітудің жетекшілік ететін салалар үшін ерекше маңызға ие екенін атап өтті. Бұл нормалар адами капиталды дамытуға, озық технологияларды енгізуге және өнеркәсіпті жаңғыртуға институционалдық негіз қалыптастырады.
Кеңес барысында конституциялық өзгерістер білім экономикасын дамытуға және отандық өнеркәсіп пен құрылыс саласының бәсекеге қабілеттілігін арттыру үшін қажетті білікті кадрларды даярлауға қосымша мүмкіндіктер туғызатыны айтылды.
Сондай-ақ жаңа Конституция жобасында аумақтарды дамытудың арнайы құқықтық режимдерін, оның ішінде «жедел дамитын қалалар» тетіктерін енгізу көзделген нормаларға ерекше назар аударылды. Аталған құралдар инвестиция тартуға, заманауи инфрақұрылым салуға, өңдеуші өнеркәсіпте инновациялық өндірістерді, индустриялық парктер мен цифрлық шешімдер мен жасанды интеллект технологияларын қолданатын технологиялық хабтарды құруға ықпал ететіні де айтылды.
Еске салсақ, таяуда Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясының жобасы жарияланды.