Жаңа Конституция қаржы жүйесіндегі ашықтық пен жауапкершілік қағидаттарын бірізді түрде күшейтеді – министрлік

Жаңа Конституция қаржы жүйесіндегі ашықтық пен жауапкершілік қағидаттарын бірізді түрде күшейтеді – министрлік
Фото: Қаржы министрлігі

Жаңа Конституцияның негізгі ережелерінде мемлекеттің, экономиканың және қоғамның ұзақмерзімді даму бағдарлары айқындалған. Бұл туралы ҚР Қаржы министрлігінде жаңа заң жобасын талқылауға арналған аппараттық кеңесте айтылды, деп хабарлады Elordainfo.kz министрліктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Министрліктің мәліметінше, құжаттағы маңызды жаңашылдықтың бірі – қаржы саласы мен жедел даму аумақтарында арнайы құқықтық режимдерді енгізуге жол ашатын конституциялық негіздің құрылуы болып саналады. Бұл тетік заң аясында өңірлерді қолдау үшін инвестициялық және салықтық ынталандыруды нақты қолдануға мүмкіндік береді.

«Жоба қаржы жүйесіндегі ашықтық пен жауапкершілік қағидаттарын бірізді түрде күшейтеді. Бұл мемлекет пен бизнеске, сондай-ақ азаматтарға түсінікті ережелердің негізінде болжамды ортаны қалыптастырады.

Қаржы-экономикалық блоктың тұтастай логикасы мемлекеттік басқарудың жетілдірілген моделіне көшуді көрсетіп отыр.

Онда Конституция стратегиялық бағдарларды белгілеп, ал нақты шешімдер ел дамуының қазіргі міндеттерін ескере отырып, заңдар деңгейінде қабылданады», - делінген хабарламада.

Бұған дейін «Ақ жол» партиясының жаңа Конституция жобасын қолдағанын жаздық.