Мемлекет басшысының «Зан мен Тәртіп» идеологиясын іске асыру аясында Осакаров ауданы прокуратурасының бастамасымен 50 кәсіпкер сағат 18:00-ден кейін алкоголь өнімін сатудан ерікті түрде бас тартты, деп хабарлады Elordainfo.kz Қарағанды облысы облыстық прокуратура баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Қарағанда облыстық прокуратураның мәліметінше, Осакаров ауданының 11 ауылы алкоголь саудасынан түбегейлі бас тартқан.
«Бұл қадам – мемлекеттік органдардың, бизнестің және қоғамның ортақ қауіпсіздік жолында күш біріктіруінің, үйлесімді іс-қимыл қағидатын жүзеге асыруының айқын көрінісі», - делінген хабарламада.
Бұған дейін жолаушылар пойыздарында 500-ден аса азамат қоғамдық тәртіпті бұзғанын, олардың басым көпшілігі ішімдік салдарынан болғанын жазған едік.
Сонымен қатар биылғы тамыз айындағы дерек бойынша елімізде бұзақылық жасағаны үшін 356 адам ұшақтан түсірілген. Олардың 175-інің бұл жағдайға алкогольдік ішімдіктер ішкені және қоғамдық орындарға масаң күйінде келгені себеп болған еді.