Заң мен тәртіп: елордада балалар арасында хоккей турнирі өтті
«Заң мен тәртіп» идеологиясын іске асыру аясында Астана қаласының Есіл ауданы прокуратурасының бастамасымен «Барыс Арена» мұз сарайының базасында балалар арасында хоккей турнирі өткізілді, деп хабарлайды Elordainfo.kz Астана қаласы прокуратурасына сілтеме жасап.
Іс-шара салауатты өмір салтын насихаттау, балалар мен жасөспірімдер арасында бұқаралық спортты дамыту, сондай-ақ заңға құрметті, тәртіпті және адал ойын қағидаттарын қалыптастыру мақсатында ұйымдастырылды.
Турнирдің ашылу және марапаттау рәсіміне Астана қаласы прокурорының орынбасары Маратбек Ахметжанұлы Мирзамұратов, Астана қаласы прокуратурасы Аппаратының басшысы Жандос Есенжанұлы Досанов, Астана қаласы Есіл ауданының прокуроры Ерденбек Әлібекұлы Тоқбаев, Астана қаласының Дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Василий Алексеевич Левит, «Барыс» хоккей клубының бас директоры Сәкен Жүнісбекұлы Мұсайбеков, спорт блогері әрі «JanaMen» жобасының негізін қалаушы Айтым Берікұлы Жақыпов, сондай-ақ қазақстандық жүзуші, 2016 жылғы Олимпиада чемпионы Дмитрий Игоревич Баландин қатысты.
Турнирге елорданың жасөспірімдер хоккей командалары қатысты. Жарыс барысында жас спортшылар жоғары дайындық деңгейін, командалық рух пен жеңіске деген ұмтылысты көрсетті.