Заң мен тәртіп: Астанада прокурорлар оқушылармен кездесу өткізді

Заң мен тәртіп: Астанада прокурорлар оқушылармен кездесу өткізді
Фото: Астана қаласы әкімдігі

Астанада «Заң мен тәртіп» қағидатын іске асыру аясында қалалық прокуратураның қызметкерлері №5 гимназияның 9-11 сыныптарының оқушыларымен кездесу өткізді, деп хабарлайды Elordainfo.kz. елорда әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.

Кездесу барысында кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтардың алдын алу мәселелері талқыланды.

Жиында оқушыларға қоғамдық тәртіпті бұзғаны үшін әкімшілік жауапкершілік нормалары, сондай-ақ кәмелетке толмағандардың жауапкершілігіне қатысты өзге де өзекті мәселелер түсіндірілді.

Дәріс интерактивті форматта өтті: оқушылар өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, оларға нақты әрі мазмұнды жауаптар алды.

Еске сала кетсек, Астанада студенттерге арнап тергеу изоляторында экскурсия ұйымдастырылды.