Заң мен тәртіп: Астанада прокуратура оқушыларға арналған профилактикалық дәріс өткізді
«Заң мен тәртіп» тұжырымдамасын іске асыру аясында Астана қаласының прокуратурасы №51 мектеп-гимназиясында оқушыларға арналған профилактикалық дәріс өткізді, деп хабарлайды Elordainfo.kz қала әкімдігіне сілтеме жасап.
Іс-шараға Астана қаласы прокурорының көмекшісі Мұхит Камбаев қатысты.
Дәріс барысында 8–11 сынып оқушыларына қоғамдық орындарда өзін-өзі ұстау қағидалары түсіндіріліп, сондай-ақ жастар арасында жиі кездесетін құқық бұзушылықтар үшін көзделген заңдық жауапкершілік түрлері, оның ішінде алаяқтық, дропперлік, есірткі қылмыстары және өзге де құқыққа қайшы әрекеттер туралы ақпарат берілді.
Дәрісті 300-ден астам оқушы тыңдады.

Дәрістің негізгі мақсаты – оқушылардың құқықтық сауаттылығын арттыру, жасөспірімдердің құқыққа қайшы және қылмыстық әрекеттерге тартылу тәуекелін төмендету, сондай-ақ құқық бұзушылықтарға төзбеушілік көзқарасты қалыптастыру.
Астана қаласының прокуратурасы білім беру ұйымдарында өткізілетін профилактикалық іс-шаралар кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтардың алдын алудың маңызды тетіктерінің бірі екенін атап өтеді.