Хромтауда дәмханадағы жарылыстан бес адам зардап шекті

Хромтауда дәмханадағы жарылыстан бес адам зардап шекті
Фото: zello.chromtau04

Ақтөбе облысының Хромтау қаласында Ғ. Жұбанова көшесінде орналасқан жеке тұрған қоғамдық тамақтану нысанында газ жабдығы жарылды, деп хабарлайды Elordainfo.kz облыстық ТЖД-ға сілтеме жасап.

Оқыс оқиға 19 қаңтарда шамамен сағат 17:45-те болған. Өртті сөндіруге ТЖД-ның екі техникасы мен жеке құрамның жеті қызметкері жедел барған. 

«Оқиға салдарынан 80 шаршы метр ғимараттың құрылымдары қирады. Зардап шеккендерге уақтылы медициналық көмек көрсетіліп, бес адам медициналық мекемеге жеткізілді», делінген хабарламада.

Қазір оқиғаның себептері анықталып жатыр.
Еске салсақ, Жамбыл облоысының тұрғыны жолдағы «Сергек» камерасын мылтықпен атқанын жаздық.