WhatsApp-ты бұзбай кіру және «үнсіз басып алу»: қазақстандықтарға жаңа киберқатер төніп тұр
Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасы Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің Қылмыстық қауіп-қатерлердің және қоғамдық қауіпсіздіктің тәуекелдерін болжау орталығы WhatsApp мессенджеріне қатысты жаңа киберқатер туралы ескертеді, деп хабарлайды Elordainfo.kz.
Шетелдік дереккөздердің мәліметіне сәйкес (https://infobezopasnost.ru/blog/news/kiberataka-ghostpairing-pozvolyaet-moshennikam- poluchit-polnyj-dostup-k-whatsapp-bez-vzloma-parolya/, https://www.securitylab.ru/news/567291.php, https://securitymedia.org/news/list/ataka- ghostpairing-pozvolyaet-nezametno-zakhvatyvat-akkaunty-whatsapp.html) кибералаяқтар WhatsApp аккаунттарын басып алудың жаңа қылмыстық схемасын қолдануда.
Бұл әдіс GhostPairing деп аталады және парольдерді бұзуды, SIM-карталарды ауыстыруды немесе күрделі техникалық шабуылдарды қажет етпейді.
Алаяқтар WhatsApp -қа заңды түрде, қосымша құрылғыларды байланыстыру функциясын пайдалану арқылы қол жеткізеді.
Сценариі қарапайым: пайдаланушыға Facebook немесе WhatsApp атынан жасырынған хабарлама жіберіледі, ол Facebook пен WhatsApp интерфейсін визуалды түрде қайталайтын жалған парақшаларға бағыттайды.
Контентке қолжетімділікті растау үшін фейк-парақша телефон нөмірі мен растау кодын енгізуді ұсынады, осыдан кейін зиянкес автоматты түрде жәбірленушінің аккаунтына сенімді құрылғы ретінде қосылып, WhatsApp- қа толық қол жеткізеді (хабарламаларды оқу, медиафайлдарды қарау, байланыстар тізімі, хабарлама жіберу, фотогалереяға қолжетімділік). Бұл ретте телефон әдеттегідей жұмыс істей береді және күдік тудырмайды.
WhatsApp-тың басып алуын анықтаудың жалғыз жолы - «Байланыстырылған құрылғылар» бөлімін қолмен тексеру. Кез келген белгісіз қосылу аккаунттың бұзылғанын көрсетеді және дереу жойылуы тиіс.
Сақ болыңыздар, киберқауіпсіздік талаптарын сақтаңыздар:
- белгісіз кіріс хабарламаларға, қоңырауларға және әртүрлі хабарландыруларға мұқият болыңыздар;
- WhatsApp кодын бөгде парақшаларға енгізбеңіздер, қосымшадан тыс жерде кодты сұрату - әрқашан алаяқтық;
- екі факторлы аутентификацияны пайдаланыңыздар;
- аккаунтыңыздың белсенділігін тұрақты түрде тексеріп отырыңыздар;
- қорғаныш бағдарламалық қамтамасыз етуді қолданыңыздар.
Бір қатенің құны - сіздің жеке хат алмасуыңызды толық бақылау.