Референдум-2026

Астанада мемлекеттік нөмірін жасыруға тырысқан мотоцикл жүргізушісі анықталды

Бүгін, 15:51
Ернұр Қайнар Ернұр Қайнар
Астанада мемлекеттік нөмірін жасыруға тырысқан мотоцикл жүргізушісі анықталды
Фото: polisia.kz

Астанада «Құқықтық тәртіп» республикалық жедел-профилактикалық іс-шарасы аясында мемлекеттік тіркеу нөмірі белгілерін жасыруға арналған арнайы құрылғы пайдаланған мотоцикл жүргізушісі әкімшілік жауаптылыққа тартылды, деп хабарлайды Elordainfo.kz.

«Оқиға Амман көшесінде тіркелді. Полиция қызметкерлері Harley-Davidson мотоциклін басқарған 38 жастағы жүргізушіні тоқтатқан.

Тексеру барысында көлік құралы мемлекеттік тіркеу нөмірі белгілерін сәйкестендіруге кедергі келтіретін әрі олардың көрінуін жасыратын арнайы құрылғымен жабдықталғаны анықталды», - делінген хабарламада.

Аталған құқық бұзушылық бойынша жүргізушіге Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 590-бабының 4-бөлігіне сәйкес әкімшілік хаттама толтырылды.

Полиция жүргізушілерге мемлекеттік тіркеу нөмірі белгілерін жасыруға, өзгертуге немесе оларды сәйкестендіруге кедергі келтіретін кез келген құрылғыларды пайдалануға заңмен тыйым салынғанын ескертеді.

Жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету және құқық бұзушылықтардың алдын алу бағытындағы профилактикалық жұмыстар тұрақты түрде жалғасады.