Енді еліміздегі барлық емханаларда медициналық көмек бөлімшелері жұмыс істейді
2025 жылдан бастап Қазақстанның барлық емханаларында шұғыл медициналық көмек бөлімшелері жұмыс істейді, деп хабарлайды Elordainfo.kz Денсаулық сақтау министрлігіне сілтеме жасап.
ДСМ мәліметінше, көптеген пациент әлі күнге дейін қандай жағдайда шұғыл медициналық көмек бөлімшесіне жүгіну қажет екенін, ал қай кезде учаскелік дәрігердің қабылдауына алдын ала жазылудың жеткілікті болатынын білмейді. Бұл орайда шұғыл медициналық көмек бөлімшелері көмекке келмек.
«Жоспарлы қабылдауға келген пациенттер мен шұғыл жағдайдағы пациенттердің ағынын бөлу шұғыл көмекке мұқтаж жандарға медициналық көмекті жедел көрсетуге мүмкіндік береді. Сонымен қатар бұл жоспарлы қабылдаудың қолжетімділігін арттырады», - делінген хабарламада.
Еске салайық, бұған дейін Денсаулық сақтау министрлігі барлық периниталдық орталықтарда ауқымды тексеру жүргізетіні туралы жаздық.