СҚО-да Астана – Петропавл – Ресей шекарасы тасжолының учаскелері жөнделіп жатыр
Солтүстік Қазақстан облысында «Астана – Көкшетау – Петропавл – РФ шекарасы автомобиль жолының 341 - 473 шақырым аралығындағы учаскелерінде орташа жөндеу жұмыстары жүргізілуде, деп хабарлайды Elordainfo.kz ҚазАвтоЖол баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Жоба аясында келесі жұмыстар атқарылды:
– 259 мың шаршы метр аумақта қолданыстағы асфальтбетон жабыны жонылды;
– 21,5 мың тонна тегістеуші асфальтбетон қабаты төселді;
– 107,3 мың шаршы метр аумақта қиыршықтас-мастикалы асфальтбетон қоспасынан жоғарғы жабын қабаты төселді.
Аталған жұмыстар жол жабынының сапасын жақсартып, қозғалыс қауіпсіздігін арттыруға және жол пайдаланушылары үшін қолайлы жағдай жасауға мүмкіндік береді.
Еске салайық, бұған дейін Алматы – Бішкек автожолын кеңейту жобасы басталғаны туралы жаздық.