Референдум-2026

Vietjet Qazaqstan компаниясы Астана – Омбы арасындағы әуе рейстерін уақытша тоқтатты

Vietjet Qazaqstan компаниясы Астана – Омбы арасындағы әуе рейстерін уақытша тоқтатты
Фото: Vietjet Qazaqstan

Әуе компаниясы «Астана – Омбы – Астана» бағытындағы рейстерді 9–20 шілде аралығында уақытша тоқтатты, деп хабарлайды Elordainfo.kz компанияның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Vietjet Qazaqstan компаниясы шектеуді «Ресей аумағындағы дрондарға байланысты қалыптасқан жағдайға орай» деп түсіндірді. Осы бағыт бойынша әуе билеттерін сату тамыз айының соңына дейін тоқтатылды.

Компания аталған бағыт бойынша күн сайын таңертеңгі және кешкі екі рейсті орындап келді. Тоқтатылған рейс жолаушыларына келесі қызмет көрсету ұсынылды:

Әуе билетінің толық құны қайтарылады

14 шілдеден бастап балама бағыт: Астана – Петропавл әуе рейсі, одан әрі Омбыға дейін автобуспен трансфер және кері бағытта да дәл осындай қызмет көрсетіледі.

Автобус трансферін авиакомпания арнайы ұйымдастырылған.

«Vietjet Qazaqstan туындаған қолайсыздықтар үшін шын жүректен кешірім сұрайды. Бұл жағдай форс-мажорлық мән-жайға байланысты туындап, авиакомпанияның бақылауынан тыс орын алды. Соған қарамастан, біз қауіпсіздік талаптарын сақтай отырып, жолаушыларымыздың межелі жеріне жетуіне көмектесу үшін бар күшімізді салып жатырмыз», делінген хабарламада.

Еске сала кетсек, Қытай мен Қырғызстанға жаңа рейстер ашылды.