Вьетнамнан халықаралық іздеуде жүрген күдікті экстрадицияланды
Қазақстан Республикасының құқық қорғау органдарынан бой тасалап жүрген шетел азаматы Вьетнам Социалистік Республикасындағы Қазақстан Елшілігінің қолдауымен экстрадицияланды, деп хабарлайды Elordainfo.kz Бас прокуратураға сілтеме жасап.
Тергеу бойынша, 2022–2023 жылдары күдікті сыбайласымен бірлесіп Алматы қаласының аумағында заңсыз ойын бизнесін ұйымдастырып, нәтижесінде 12 миллион теңгеден астам қылмыстық пайда тапқан.
Қылмыс жасағаннан кейін сыбайластың біреуі қылмыстық жауаптылыққа тартылған, екіншісі қылмыстық қудалау органдарынан жасырынып, оған іздеу жарияланған.
Ағымдағы жылғы ақпанда ол Вьетнам аумағында ұсталып, Бас прокуратураның сұрауымен Қазақстанға экстрадицияланды.
Қазіргі уақытта күдікті тергеу изоляторына қамалды.
Айып тағылған қылмыс үшін мүлкі тәркіленіп, 5 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы көзделген.
Еске салайық, бұған дейін жазасын өтеуден қашқан қарағандылық Ресейден экстрадицияланғаны туралы жаздық.