«Үсті қара күйе»: досы Қабдеш Жұмаділовтің шахтада істеген кезін еске алды
Қазақстанның халық жазушысы Қабдеш Жұмаділовтің жастық шағындағы ауыр кезеңдері туралы оның бала кезінен бірге өскен досы, этнограф-тарихшы Мұхаметқазы Мұхамедиұлы естелік айтты, деп хабарлайды Elordainfo.kz.
Оның сөзінше, жазушы Қытайдағы қуғын-сүргін жылдары аптап ыстықта еңбекке жегіліп, көмір шахтасында жұмыс істеуге мәжбүр болған.
«КСРО-да халық жауы деген желеумен Сібірге айдаса, сол кезде Қытайда «тозақ оты» деген жер болды. 60-70 градус күйіп тұратын ыстық жақ. Сол ыстық жақтың құмына апарып, Қабдешті еңбекке салды. Содан ол оқудан қалып, көмір шахтасында жұмыс істеді. Шамамен 60-70 метр тереңдікте көмір қазып жүргенін көрдім. Бір күні барсам, «осындай жағдайда өмірмен қоштасатын шығармыз», – деді. Үстінің бәрі шаң, қара күйе. Алматыдағы оқуын бітіре алмай қалғанына налыды», – деп еске алды досы Мұхаметқазы Мұхамедиұлы.
Қабдеш Жұмаділовтің 90 жылдығына орай оның бала күні мен жаз кезі туралы, шығармашылықтағы алғашқы кезеңі жайлы досы Мұхаметқазы Мұхамедиұлымен болған сұхбаттың толық нұсқасын осы жерден оқи аласыз.