ҰҚК бір айда 63 қару тәркіледі

ҰҚК бір айда 63 қару тәркіледі
Фото: ҰҚК

Сәуір айында Алматы, Шымкент қалаларында және бірқатар облыста 63 қару тәркіленді, деп хабарлайды Elordainfo.kz ҰҚК баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Заңсыз қару айналымына қатысты жедел-іздестіру іс-шараларын комитет прокуратураның үйлестіруімен полиция органдарымен бірлесіп жүргізді.

Тәркіленген қарудың 4-уі «Калашников» автоматы, 38-і мылтық, 20-сы тапанша, біреуі «РШГ-2» гранатометі.

Сондай-ақ 4 граната және 188 оқ-дәрі тәркіленді.

Бұдан бөлек, Шығыс Қазақстан облысында 346,5 келі өнеркәсіптік жарылғыш зат тәркіленді.

Еске сала кетсек, ІІМ биыл 900-ден астам қару тәркіледі, оның ішінде Қаңтар оқиғасы кезінде ұрланған 74 қару бар.