Үнзила Шапақ: Жаңа Конституция жобасындағы басты құндылық – адами капитал

Бүгін, 15:07
Жібек Наурыз Жібек Наурыз
Үнзила Шапақ: Жаңа Конституция жобасындағы басты құндылық – адами капитал
Фото: Мәжілістің баспасөз қызметінен

Бұл туралы «Референдум–2026» онлайн-марафонында ҚР Парламенті Мəжілісінің депутаты, Конституциялық комиссия мүшесі Үнзила Шапақ айтты, деп хабарлады Elordainfo.kz Qazaqstan.tv-ға сілтеме жасап. 

«Соңғы ғылыми жетістіктерді сараласақ, ғылыми шығармалардың 27,4 пайызы коммерцияланды. Соның нәтижесінде 118 млрд-тан астам қаржы түскен. Мұның өзі дәлел болады. Ғылым, білімге капитал салсақ, біздің мемлекетіміздің байлығы адам капиталы арқылы ғана өлшенеді. Бұл Конституция жобасы - адам игіліктеріне бет бұрған жоба. Адам құқықтары мен бостандықтарының мүлтіксіз сақталуын нақты бекіттік. Нақты құндылық – адами капитал. Адамның құндылығы – білім, ғылым, инновациялық жетістіктер», - дейді депутат.

Еске салайық, бұған дейін «Референдум-2026» онлайн-марафоны басталғаны туралы хабарладық.