Ұлттық спорт күні: Белсенді ұзақ өмір сүру орталығында тоғызқұмалақтан турнир өтті

19 наурыз, 2026
Жібек Наурыз Жібек Наурыз
Ұлттық спорт күні: Белсенді ұзақ өмір сүру орталығында тоғызқұмалақтан турнир өтті
Фото: Белсенді ұзақ өмір сүру орталығынан

Белсенді ұзақ өмір сүру орталығында Ұлттық спорт күніне орай Нұра ауданының бастамасымен тоғызқұмалақтан турнир өтті. Зияткерлік жарыс №111 мектеп базасында ұйымдастырылды, деп хабарлайды Elordainfo.kz.

Турнирге екі буын өкілдері — зейнеткерлер мен оқушылар қатысты. Аға буын өздерінің өмірлік тәжірибесі мен ойын шеберлігін көрсетсе, жас қатысушылар зеректігі мен тапқырлығын танытты.

«Оқушылар мен аға буын өкілдері арасында өткен тоғызқұмалақ турнирі командалық ойын форматында өтті. Зейнеткерлер командасы басымдылық танытып, 1-2 орындарды иеленсе, 3-орын мектеп оқушыларына тиесілі болды. Осылайша  ардагерлеріміз өскелең ұрпаққа ұлттық ойынды меңгерудің үлгісін көрсетті» - деп пікірін білдірді Орталықтың мәдени ұйымдастырушы Фарида Қасенова.

Жарыс барысында қатысушылар жоғары дайындық деңгейін көрсетті. 

Мұндай іс-шаралар ұрпақтар арасындағы байланысты нығайтуға ықпал етеді.