Референдум-2026

Үкімет экономика әлеуетін тиімді пайдалануға басымдық береді – Олжас Бектенов

Үкімет экономика әлеуетін тиімді пайдалануға басымдық береді – Олжас Бектенов
Фото: Үкімет

Премьер-министр Олжас Бектенов Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес Үкімет еліміздің тұрақты дамуын қамтамасыз етуге бағытталған жүйелі жұмысты жалғастыратынын мәлімдеді, деп хабарлайды Elordainfo.kz Үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Оның айтуынша, бүгінде Қазақстан тұрақты экономикалық өсудің жаңа моделіне көшіп, экономиканы әртараптандыру, инвестициялық ахуалды жақсарту және жоғары өнімді өндірістерді дамытуға басымдық беріп отыр.

«Үкіметке елімізді өркендету бағытындағы жүйелі қадамдарды жалғастыру тапсырылды. Жаңа Конституцияның қабылдануымен еліміздің әлеуметтік-экономикалық дамуында ауқымды өзгерістер жүзеге асырылуда. Мемлекет басшысы қойған міндеттер аясында тұрақты экономикалық өсудің жаңа моделіне көшу үдерісі жүріп жатыр. Экономиканы белсенді әртараптандыру, заманауи инвестициялық экожүйені қалыптастыру, инновациялық кластерлер мен өнімділігі жоғары индустрияларды дамыту бойынша ауқымды жұмыстар басталды. Үкіметтің қадамы экономика салаларында қолда бар әлеуетті барынша тиімді пайдалануға бағытталып отыр», – деді Олжас Бектенов.

Бұған дейін ҚР сауда және интеграция министрі Арман Шаққалиев Үкімет отырысында еліміздегі сауда саласының дамуы туралы баяндағанын жаздық