Референдум-2026

Жарты жылдың қорытындысы бойынша сауда көлемі 36,2 трлн теңгеге жетті – Арман Шаққалиев

Бүгін, 11:20
Думан Аманжол Думан Аманжол
Жарты жылдың қорытындысы бойынша сауда көлемі 36,2 трлн теңгеге жетті – Арман Шаққалиев
Фото: Үкіметтің баспасөз қызметі

ҚР сауда және интеграция министрі Арман Шаққалиев Үкімет отырысында еліміздегі сауда саласының дамуы туралы баяндады, деп хабарлайды Elordainfo.kz Үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ол осы жылдың бірінші жартыжылдығының қорытындысы бойынша сауданың тұрақты өсуі қамтамасыз етілгенін атап өтті. Нақты көлем индексі 105,7%-ды құрады, сауда көлемі 36,2 трлн теңгеге жетті, бұл өткен жылдың сәйкес кезеңінен 15,3%-ға жоғары. Көтерме сауда 6,6%-ға, бөлшек сауда 3,8%-ға өсті.

«Жыл соңына дейін осы тауарлар бойынша сатудың болжамды көлемі кемінде 40 трлн теңгені құрауы тиіс. Бұл көрсеткішті орындау үшін негізгі міндет отандық өндіріс көлемін ұлғайту болып қала береді», — деді Арман Шаққалиев.

Еске салсақ, Қазақстанның республикалық бюджетінің кірісі 24,6%-ға өсті.