22.11.2025
RU
Мәзір

Colman Domingo and Jude Law at amfAR’s Venice Gala

Трансформаторлық қосалқы станциядағы өрт: әкімдікте елорданың сол жағалауында жарықтың болмауына қатысты түсініктеме берілді

|
Photo: Астана қаласы әкімдігі
Colman Domingo and Jude Law at amfAR’s Venice Gala

Трансформаторлық қосалқы станциядағы өрт: әкімдікте елорданың сол жағалауында жарықтың болмауына қатысты түсініктеме берілді

|
Photo: Астана қаласы әкімдігі

Астанада Сығанақ көшесінде трансформаторлық қосалқы станцияда кабель жанып кетті, деп хабарлады Elordainfo.kz Астана әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап. 

Оқиғадан кейін бірқатар үйлердің тұрғындары электр қуатынсыз қалды. Жағдай туралы Астана әкімдігінде түсініктеме берілді.

«2025 жылдың 22 қарашасында, сағат 01:06-да «Тұран» қосалқы станциясында технологиялық ақау болып, РП-217-ге энергия беріп тұрған №106 және №210 ұяшықтары ажыратылды.

Түнгі уақыттан бері жедел қызметтің апатты бригадалары РП-217 нысанындағы электрмен жабдықтауды қалпына келтіру жұмысын жүргізіп жатыр. 

Шектеу аймағында әлі де жеті тұрғын үй кешенінің тұтынушылары бар.

Электрмен жабдықтауды қалпына келтіру жұмысы жалғасып жатыр.

Оқиға орнына жедел қызметтің үш бригадасы, Есіл аудандық электр желілері қызметінің мамандары, сынақ және диагностика қызметі, сондай-ақ кабель желілері қызметінің мамандары дереу жіберілді.

Қалпына келтіру жұмысы барысында 5 трансформаторлық қосалқы станция қайта іске қосылды. Үйдің ортақ қажеттіліктерін ең төменгі деңгейде қамтамасыз ету үшін дизельді-генераторлық қондырғылар қосылған,- делінген хабарламада. 

Ұқсас жаңалықтар

Барлығы ↗