Тоқаев пен Трамп Давостағы кездесуде не туралы сөйлесті

Бүгін, 17:34
Ернұр Қайнар Ернұр Қайнар
Тоқаев пен Трамп Давостағы кездесуде не туралы сөйлесті
Фото: akorda.kz

Бірқатар БАҚ өкілдері Давоста өткен Бейбітшілік кеңесінің Жарғысына қол қою рәсімінде Мемлекет басшысы мен Америка Президенті арасындағы қысқаша әңгіменің мазмұнына қатысты сауал жолдады. Бұл туралы ҚР Президентінің көмекшісі – Баспасөз хатшысы Руслан Желдібай Telegram парақшасында жазды, деп хабарлады Elordainfo.kz.

«Қасым-Жомарт Тоқаев Давос форумында таратылған «Президент Дональд Трамптың 365 күн ішіндегі 365 жеңісі» деп аталатын ресми құжаттың 177-тармағында Қазақстанның Ибраһим келісімдеріне қосылғаны жетістік ретінде көрсетілгеніне назар аударды.

Бұдан бөлек, Президент Америка көшбасшысына ақыл-парасатқа негізделген ішкі саясатты жүзеге асыруда табыс тіледі», - делінген хабарламада.

Сондай-ақ Дональд Трамп Бейбітшілік кеңесін құру туралы бастамасына қолдау көрсеткені үшін Қасым-Жомарт Тоқаевқа алғыс айтты.

Еске салайық, бұған дейін Мемлекет басшысы Дональд Трамптың бастамасымен құрылған Бейбітшілік кеңесінің Жарғысына қол қойған еді.