Tomorrow School жобасы Қазақстанның барлық өңірлерінде жүзеге асырылуда

6 қаңтар, 2026
Гүлден Мәдениет Гүлден Мәдениет
Tomorrow School жобасы Қазақстанның барлық өңірлерінде жүзеге асырылуда
Фото: Үкіметтің баспасөз қызметі

Astana Hub ҒЖБМ-мен бірлесіп әр өңірде университеттер базасында халықаралық оқыту әдістемелеріне сүйене отырып, Tomorrow School жобасын жүзеге асыруда. Бұл туралы ҚР ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек Үкімет отырысында мәлімдеді, деп хабарлайды Elordainfo.kz.

Министр мектептер барлық өңірлердің тұрғындары үшін тәулік бойы қолжетімді форматта жұмыс істейтінін, ал оқу процесі халықаралық оқыту әдістемелерінің негізінде құрылатынын түсіндірді.

Қазіргі уақытта 4 өңірде компьютерлік техникамен жарақтандыру және Tomorrow School жобасы шеңберінде білім беру процесін ұйымдастыру үшін үй-жайларды бөлу мәселелері толығымен шешілді.

Сондай-ақ бүгін жобаны жүзеге асыруда белсенді қолдау көрсетіп жатқан Ақмола, Қостанай және Алматы облыстарының әкімдіктеріне алғысымызды білдіреміз. Қалған 15 өңірде компьютерлік техникамен қамтамасыз ету мәселелері пысықталуда, - деп толықтырды Саясат Нұрбек.