TikTok-тағы әрекеті үшін қарағандылық стример 10 тәулікке қамауға алынды - ВИДЕО
Қарағанды облысында әлеуметтік желіде құқыққа қайшы контент жариялаған 56 жастағы стример полиция назарына ілікті, деп хабарлайды Elordainfo.kz Қарағанды облысы Полиция департаментіне сілтеме жасап.
Полицияның мәліметінше, Еркен Жантыкпаев TikTok платформасында әйелдер киімін киіп, құқыққа қайшы контент жариялаған.
Сот шешімімен оған 10 тәулік әкімшілік қамау жазасы тағайындалып, ресми ескерту берілді.
«Қазіргі уақытта азамат әлеуметтік желідегі аккаунттарын жойған. Дегенмен полиция оның әрекетін бақылауда ұстайды. Ескертуге қарамастан заң бұзушылық қайталанған жағдайда, оған қатаңырақ жауапкершілік қарастырылуы мүмкін», - делінген хабарламада.
Полиция азаматтарды әлеуметтік желілерді пайдалану кезінде заң талаптары мен қоғамдық тәртіпті сақтауға шақырды.