Референдум-2026

Теннистен Билли Джин Кинг кубогына қатысатын ел құрамасы анықталды

Бүгін, 18:03
Думан Аманжол Думан Аманжол
Теннистен Билли Джин Кинг кубогына қатысатын ел құрамасы анықталды
Фото: Ұлттық олимпиадалық комитет

Теннистен Қазақстан әйелдер құрамасының Билли Джин Кинг кубогының финалдық кезеңіне қатысатын құрамы белгілі болды, деп хабарлайды Elordainfo.kz Ұлттық олимпиадалық комитетке сілтеме жасап.

Әлемдік деңгейдегі ірі турнирде ел намысын Елена Рыбакина (WTA рейтингінде №2), Анна Данилина (жұптық сында әлемнің №6 ракеткасы), Юлия Путинцева (WTA рейтингінде №81), Жібек Құламбаева (жұптық сында WTA рейтингінде №115) және Соня Жиенбаева (WTA рейтингінде №735) қорғайды.

«Қазақстан құрамасы турнирді Испанияға қарсы матчтан бастайды. Ширек финалдық кездесу 23 қыркүйекте өтеді. Әрбір матч екі жекелей және бір жұптық кездесуден тұрады», - делінген хабарламада.

Төменде турнирдің толық кестесі ұсынылған.

22 қыркүйек

Ширек финал 1: Чехия – Ұлыбритания

23 қыркүйек

Ширек финал 2: Қазақстан – Испания

24 қыркүйек

Ширек финал 3: Украина – Бельгия

Ширек финал 4: Қытай – Италия

25 қыркүйек

1-жартылай финал: бірінші ширек финалдың жеңімпазы – екінші ширек финалдың жеңімпазы

26 қыркүйек

2-жартылай финал: үшінші ширек финалдың жеңімпазы – төртінші ширек финалдың жеңімпазы

27 қыркүйек

Финал

Айта кетейік, турнир Қытайдың Шэньчжэнь қаласында өтеді.

Еске салсақ, World Boxing Атқару комитетінің отырысында 2028 жылы Лос-Анджелесте (АҚШ) өтетін Олимпиада ойындарына жолдама беретін бокс турнирлерін қабылдайтын елдер бекітілді.