Референдум-2026

Олимпиада-2028: World Boxing іріктеу турнирлерін өткізетін елдерді анықтады

Бүгін, 16:54
Ернұр Қайнар Ернұр Қайнар
Олимпиада-2028: World Boxing іріктеу турнирлерін өткізетін елдерді анықтады
Фото: Оңалхан Өнерхан

Шотландияның Глазго қаласында өткен World Boxing Атқару комитетінің отырысында 2028 жылы Лос-Анджелесте (АҚШ) өтетін Олимпиада ойындарына жолдама беретін бокс турнирлерін қабылдайтын елдер бекітілді, деп хабарлайды Elordainfo.kz ҚР ҰОК сілтеме жасап.

Қабылданған шешімге сәйкес, 2027 жылы құрлықтық іріктеу жарыстары мына мемлекеттерде өтеді:

Америка – АҚШ;

Азия – Қытай;

Еуропа – Еуропа ойындары (Ыстамбұл, Түркия);

Мұхит аралдары өңірі – Самоа;

Африка – Нигерия.

Сондай-ақ 2028 жылы өтетін екі әлемдік іріктеу турнирін қабылдайтын елдер де белгілі болды. Алғашқы жарыс Италияда, ал екіншісі Венгрияда ұйымдастырылады.

Жарыстардың нақты күндері мен ұйымдастыруға қатысты өзге де мәліметтер кейінірек жарияланады.

Айта кетейік, Олимпиада ойындарына іріктеу кезеңіндегі алғашқы дода 2027 жылы Астанада өтетін World Boxing әлем чемпионаты болады.

Бұған дейін дзюдодан Азия ойындарына қатысатын спортшылар белгілі болғанын жаздық.