Тағамға қосып қолданған: ШҚО тұрғынынан 4 келіден астам марихуана тәркіленді
Шемонаиха ауданында полиция 31 жастағы жергілікті тұрғынның бірнеше ай бойы қарасораны жинаумен айналысқанын анықтады, деп хабарлайды Elordainfo.kz ІІМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Ер адам өсімдікті ауданның шет жағынан жинап, оны үйінде сақтаған. Оның айтуынша, есірткі затын жеке пайдалану үшін қалдырған. Сонымен қатар ол қарасораны термиялық өңдеуден кейін тағамға қосып отырған.

Жеке тұрғын үй мен шаруашылық құрылысына жүргізілген тінту барысында полицейлер өсімдік тектес кептірілген зат салынған төрт полиэтилен пакет тапты. Сараптама қорытындысына сәйкес, тәркіленген зат жалпы салмағы 4 келіден асатын кептірілген марихуана болып шықты.
Аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды.
Еске сала кетсек, Қызылордада шенеуніктер инвесторларға заңсыз айыппұл салғаны үшін жазаланды.