Шымкентте жанжал кезіндегі адам өліміне қатысы барлар ұсталды
Полиция жедел-іздестіру нәтижесінде адам өлімі мен бұзақылық қылмыстарына қатысы бар күдікті төрт адамды анықтап, ұстады, деп хабарлайды Elordainfo.kz Шымкент қаласы Полиция департаментіне сілтеме жасап.
Олар уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды. Қазіргі уақытта тергеу шаралары жүргізіліп жатыр.
Кеше Ерімбетов пен Т.Рысқұлов көшелерінің қиылысында жүргізушілер мен жолаушылар арасында жанжал шығып, екі тарап та пышақ жарақатын алған. Департаменттің мәліметінше, жанжал кезінде пышақталған бір адам көз жұмды, тағы бір ер адам ауруханаға жеткізілді.
Аталған жайт бойынша «адам өлтіру», «бұзақылық» және «адамды ұрлау» баптарымен қылмыстық іс қозғалды.
Еске салсақ, бұған дейін адам өліміне қатысы бар күдіктілердің іздестіріліп жатқанын хабарлаған едік.