Референдум-2026

Шымкент полициясы адам пышақтап өлтіргендерді іздестіріп жатыр

Шымкент полициясы адам пышақтап өлтіргендерді іздестіріп жатыр
Фото: Egovpress парақшасындағы видеоның скриншоты

Шымкентте жол-көлік оқиғасы кезіндегі жанжал адам өлімімен аяқталды, деп хабарлайды Elordainfo.kz қалалық Полиция департаментіне сілтеме жасап.
Қазір полиция 40 жастағы қала тұрғынының өліміне күдіктілерді іздестіріп жатыр.

«20 қаңтарда Ерімбетов пен Т.Рысқұлов көшелерінің қиылысында жүргізушілер мен жолаушылар арасында жанжал шығып, екі тарап та пышақ жарақатын алған. Зардап шеккендердің бірі қайтыс болды», делінген хабарламада.

Қазір кісі өліміне қатысты қылмыстық іс қозғалды.