Шымкентте сталкинг жасаған екі күдікті қамауға алынды

Шымкентте сталкинг жасаған екі күдікті қамауға алынды
Фото: polisia.kz

Шымкентте полиция қызметкерлері әйелдерге қатысты жасалған екі сталкинг оқиғасын тіркеді, деп хабарлайды Elordainfo.kz polisia.kz-ке сілтеме жасап. 

Алғашқы оқиғада қала тұрғыны полицияға бұрын қарым-қатынаста болған ер адамға қатысты арызданған. Қарым-қатынастың тоқтағанына қарамастан, күдікті әйелді мазалап, түрлі нөмірден қоңырау шалып, хабарлама жазған, үйіне және жұмыс орнына барып, тыныштығын бұзған. Күдікті қамауға алынды.

Екінші жағдайда сталкинг физикалық күш қолдануға ұласып, жәбірленуші полицияға жүгінген. Аталған жайт бойынша сталкинг және ұрып-соғу баптарымен қылмыстық іс қозғалып, күдікті қамауға алынды. 

Қазір екі қылмыстық іс сотқа жолданды.

Еске салсақ, Астанада қоқыс пен қарды заңсыз төккендер жауапқа тартылды.