Мәжілістің жалпы отырысы аясында өткен Мәжіліс кулуарында тоқалдыр заңдастыру турарлы ұсыныс жасамағанын айтты. Ол журналистің сұрағына жеке пікірін ғана білдіргенін алға тартып отыр, деп хабарлайды Elordainfo.kz.
“Мен көп әйел алу туралы өз бастамамды көтерген жоқпын. Бұл — журналистің тіке қойған сұрағына берген жауабым. Тек құқықтық қырына тоқталдым. “Неке және отбасы туралы” кодекс бойынша екі некеге тыйым салынған. Бірақ ол іс жүзінде жұмыс істемейді, себебі бұл тыйымды бұзғаны үшін ешқандай жауапкершілік қарастырылмаған. Бұрын көп әйел алғаны үшін қылмыстық жаза болған. Ол - 1959 жылғы Қазақ ССР Қылмыстық кодексінің 107-бабы. Онда былай делінген: «Екі немесе бірнеше әйелмен бір мезгілде бірге тұру, бірлесіп шаруашылық жүргізу (некенің тіркелуіне қарамастан) - екі жылға дейін бас бостандығынан айырумен немесе бір жылға дейінгі түзеу жұмыстарымен жазаланады. Бұл бап 1998 жылға дейін күшінде болған. Менің ұстанымым - мұны қылмыстық жауапкершілікке жатқызудың қажеті жоқ шығар, бірақ жауапсыз әкелерге жауапкершілік жүктеу (әкімшілік, тәртіптік, материалдық т.б) және екінші некеден туған балалардың құқықтарын мемлекет өзі қорғауы тиіс", - дейді депутат.
Сөзінше, Біз 1994 жылы “Бала құқықтары туралы” конвенцияны ратификацияладық, ал ол бізге осындай міндет жүктейді. Ал, қолданыстағы кодекс нормалары тек аналардың белсенділігіне байланысты орындалып отыр. Мемлекет тарапынан нақты іске асыру механизмдері жоқ. Заңдағы “некеде туған” және “некеден тыс туған” деген анықтамалар - баланы кемсіту, яғни дискриминация. Бұл Конвенция талаптарына қайшы келеді.
"Жауапсыз ерлерге тек жаза енгізу мәселені шешпейді, себебі Конституциялық қағидаға сай заңның ауырлататын күші кері жүрмейді. Демек, мемлекет екінші некеден туған балалардың құқығын қорғауды өз мойнына алса - бұл ішінара “екінші әйел” мәселесін де заңдық жолмен реттеу болар еді”,- дейді ол.