Шу-Отар бағытында қатынайтын электрпойыз шығарылды

Шу-Отар бағытында қатынайтын электрпойыз шығарылды
Фото: Жолаушылар тасымалы компаниясы

19 ақпаннан бастап №6946/6945 Шу – Отар қала маңы бағытында электрпойызды іске қосады, деп хабарлайды Elordainfo.kz «Жолаушылар тасымалы» компаниясына сілтеме жасап.

Ұлттық тасымалдаушының мәлімдеуінше, бұл шешім тасымалдау көлемін айтарлықтай ұлғайтып, жолаушыларға көрсетілетін қызмет сапасы арттыруға мүмкіндік береді.

Бұған дейін аталған бағытта бір жолаушылар вагоны ғана қатынаған. Енді бұл бағытта төрт вагоннан тұратын электрпойыз пайдалануға беріледі. Пойыз 300-ден астам жолаушыны тасымалдайды.

Электрпойыз күн сайын қатынайды:

Шу станциясынан жөнелту — 15:30, Отар станциясына келу — 19:00.

Отар станциясынан жөнелту — 06:40, Шу станциясына келу — 10:03.

Үш қызмет көрсету санаты қарастырылған:

1-санат — 2 257 теңге

2-санат — 2 097 теңге

3-санат — 1 751 теңге

Еске салсақ, Қазақстан Өзбекстанмен теміржол тасымал көлемін 60 млн тоннаға дейін арттыруды көздеп отыр.