03.11.2025
RU
Мәзір

Colman Domingo and Jude Law at amfAR’s Venice Gala

Үш айда 20-дан астам жасөспірім есірткі қылмысы үшін ұсталды

|
Photo: фото: Оңалхан Өнерхан
Colman Domingo and Jude Law at amfAR’s Venice Gala

Үш айда 20-дан астам жасөспірім есірткі қылмысы үшін ұсталды

|
Photo: фото: Оңалхан Өнерхан

Ішкі істер министрлігі ата-аналарға үндеу жасады, деп хабарлады Elordainfo.kz Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

Биыл үш айда бүкіл ел бойынша тыйым салынған заттарды сақтауға және таратуға қатысы бар деген күдікпен 23 жасөспірім ұсталды.

Олардың ішінде колледждердің бірінші курс студенттері мен 9-11 сынып оқушылары бар.

«Естеріңізге сала кетейік, заңды білмеу жауапкершіліктен босатпайды. Есірткі қылмысы үшін қылмыстық жауапкершілік 16 жастан басталады. Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің 296 және 297-баптарына сәйкес есірткіні сақтағаны және таратқаны үшін бас бостандығынан айыру жазасы көзделген. Бұдан басқа, Қылмыстық кодекстің 299-1-бабында есірткіні, оның ішінде интернет және әлеуметтік желілер арқылы насихаттау мен жарнамалау үшін қылмыстық жауапкершілік қарастырылады.

Құрметті ата-аналар! Сіздерді балаларыңыздың ортасына және олардың бос уақытында не істейтініне ерекше назар аударуға шақырамыз. Қауіптің алдын алу маңызды! Балалардың болашағы біздің қолымызда! Тек бірлесіп қана біз есірткісіз қауіпсіз қоғамды құра аламыз!» - деді ІІМ есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл комитеті төрағасының орынбасары Қуандық Әлжанов.

Ұқсас жаңалықтар

Барлығы ↗