Шетелдегі қазақстандықтар Құрылтай депутаттарын сайлауға қатыса алады
23 тамызда Қазақстан Республикасы Құрылтайының депутаттарын сайлау өтеді. Осыған орай, шет мемлекеттердегі Қазақстан Республикасының өкілдіктері жанындағы сайлау учаскелеріндегі сайлаушылар тізімдеріне тиісті шет мемлекетте тұратын немесе ұзақ мерзімді шетелдік іссапарда жүрген және Қазақстан Республикасының жарамды паспорты бар барлық азаматтар енгізіледі, деп хабарлайды Elordainfo.kz Астана қаласының аумақтық сайлау комиссиясына сілтеме жасап.
Шет мемлекеттерге жеке шақыру бойынша, қызметтік, іскерлік және туристік сапарға келген Қазақстан Республикасының азаматтары учаскелік сайлау комиссиясына жүгінген жағдайда және оларда Қазақстан Республикасы азаматының жарамды паспорты болған кезде сайлаушылар тізімдеріне енгізіледі.
Егер тізімге енгізілген сайлаушылардың бәрі дауыс беріп болса, дауыс беру кез келген уақытта аяқталды деп жариялануы мүмкін.
Айта кетейік, Қазақстан Республикасының шет мемлекеттердегі өкілдіктері жанындағы сайлау учаскелерінің тізімі Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің және Орталық сайлаукомиссиясының интернет-ресурстарында қолжетімді.