Шетелдегі барлық 71 учаскелік референдум комиссиясы жұмысын аяқтады, деп хабарлайды Elordainfo.kz ҚР СІМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
54 елде 12 740 Қазақстан азамат дауыс берді. Дауыс берушілердің 88,6% келуі қамтамасыз етілді.
Еске сала кетсек, жағдайдың шиеленісуіне және азаматтарымыз аз болуына байланысты 10 елдегі 11 учаске ашылмады.