Сенат кейбір заңнамалық актіге өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы заңды талқылады

Сенат кейбір заңнамалық актіге өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы заңды талқылады
Фото: Сенат

Сенаттың Әлеуметтік-мәдени даму және ғылым жөніндегі комитеті депутаттарының кеңейтілген отырысы өтті, деп хабарлады Elordainfo.kz Сенаттың баспасөз қызметіне сілтеме жасап

«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне креативті индустрияларды қолдау және дамыту мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заңды талқылады.

Құжат мәдениет саласын жаңғыртуға және креативті индустрияларды экономиканың дербес әрі маңызды бар секторы ретінде институционалдық тұрғыдан қалыптастыруға, осы салада шығармашылық әлеуетті арттыруға, сондай-ақ, кәсіпкерлікті дамытуға жағдай жасауға бағытталған.

Бұған дейін Денсаулық сақтау министрлігінде жаңа Конституция жобасы талқыланғанын жаздық