Референдум-2026

«Сарбаз күнделігі»: әскер өмірі сарбаз көзімен көрсетіледі

Бүгін, 14:22
Думан Аманжол Думан Аманжол
«Сарбаз күнделігі»: әскер өмірі сарбаз көзімен көрсетіледі
Фото: Қорғаныс министрлігі

Қорғаныс министрлігі «Сарбаз күнделігі» атты жаңа медиажобаны іске қосты, деп хабарлайды Elordainfo.kz ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Жоба мерзімді әскери қызметтің алғашқы күнінен бастап запасқа шығарылғанға дейінгі кезеңін көрсетеді.

Жобаға еліміздің әртүрлі гарнизондарында қызмет атқарып жатқан көктемгі шақырылымның сарбаздары қатысады. Олар әскери өмірдегі әсерлерін, жетістіктерін және күнделікті қызмет барысын көрсететін болады.

«Әскердегі алғашқы күндер қалай өтеді? Әскери бөлім табалдырығын жаңа аттаған сарбазды не күтіп тұр? Кеше ғана мектепте немесе студенттік өмірде жүрген жас жігіт әскери қызмет барысында қалай шыңдалып, ел қорғайтын жауынгерге айналады? Осы сұрақтардың жауабын Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің «Сарбаз күнделігі» медиажобасынан ала аласыз. Бұл – әскери өмірді ешқандай боямасыз, шынайы түрде көрсететін жаңа жоба», - делінген хабарламада.

Жоба аясында әскери ант беру, жауынгерлік және дене дайындығы, далалық оқу-жаттығулар, әскери мамандықты меңгеру, күнделікті әскери өмір, жаңа достар, алғашқы жетістіктер, түрлі сынақтар мен қызметтің жарқын сәттері – мұның бәрі эксклюзивті бейнекүнделіктерде, сұхбаттарда, репортаждарда және қысқа Reels-терде.

«Сарбаз күнделігі» көрермендерге әскери қызметті сарбаздардың өздері қалай өткерсе, дәл солай көруге мүмкіндік береді. Жоба қатысушыларымен бірге көрермендер әскердегі алғашқы қадамнан бастап запасқа шығарылғанға дейінгі жолды бірге жүріп өтеді.

Айта кетейік, жобаны Қорғаныс министрлігінің YouTube, Telegram, Instagram және TikTok желілеріндегі ресми парақшаларынан, сондай-ақ мерзімді әскери қызметшілердің жеке аккаунттарынан тамашалауға болады.

Еске салсақ, Қазақстандық мерген Қытайдың әскери академиясын үздік аяқтады.