Референдум-2026

Қазақстандық мерген Қытайдың әскери академиясын үздік аяқтады

Бүгін, 08:34
Ернұр Қайнар Ернұр Қайнар
Қазақстандық мерген Қытайдың әскери академиясын үздік аяқтады
Фото: Қорғаныс министрлігі

ҚР Қарулы күштері Құрлық әскерлері «Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығы әскерлері қолбасшысы басқармасының жауынгерлік даярлық басқармасының нұсқаушы сержанты 3-сыныпты сержант Нұрсұлтан Зейнелханов Қытай Халық Республикасының әскери академиясын үздік бітірді, деп хабарлайды Elordainfo.kz ҚР Қорғаныс министрлігіне сілтеме жасап.

Оқу курсы барысында жерлесіміз ҚХР Құрлық әскерлері Жаяу әскерлер академиясының Шицзячжуан филиалында үздік үлгерім, үлгілі тәртіп көрсетіп, заманауи мергендік даярлық әдістерін меңгеруде жоғары нәтижелерге қол жеткізді.

Оқу қорытындысы бойынша 3-сыныпты сержант Нұрсұлтан Зейнелханов жоғары нәтижелері үшін алтын медальмен марапатталып, «Бірінші санатты мерген» құрметті атағына ие болды.

Оқу барысында жинақталған білім мен практикалық тәжірибе Құрлық әскерлері бөлімшелерінің даярлық жүйесіне енгізіліп, әскери қызметшілердің жауынгерлік машығын арттыруға, сондай-ақ отандық мергендер даярлау мектебін одан әрі дамытуға және жетілдіруге ықпал етпек.

Еске сала кетейік, елорда төрінде Ұлттық ұлан сарбаздарының ант беру рәсімі өтті.