Қызылорда қаласы Сол жағалау шағын ауданындағы дүкен маңында автокөліктің есігі құлыпталып, ішінде 3 жасар баланың қалып қойғаны туралы хабарлама түсті, деп хабарлайды Elordainfo.kz ТЖМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Оқиға орнына жедел жеткен ТЖМ жедел-құтқару жасағының қызметкерлері қолда бар құралдардың көмегімен көліктің есігін ашып, баланы ата-анасына тапсырды.

ТЖМ мәліметінше, бала зардап шеккен жоқ.
Төтенше жағдайлар министрлігі барша ата-анаға балаларды қараусыз қалдырмау керектігі жөнінде ескертеді.
Бұған дейін елорда құтқарушылары мұз арасында жүзіп жүрген итті жағаға алып шыққанын жазған едік.