Қысқы Олимпиада: 15 ақпанда ел намысын кімдер қорғайды

Бүгін, 11:04
Жібек Наурыз Жібек Наурыз
Қысқы Олимпиада: 15 ақпанда ел намысын кімдер қорғайды
Фото: ҰОК

2026 жылғы Қысқы Олимпиада ойындарының сегізінші жарыс күні 6 қазақстандық спортшы төрт спорт түрінен жарыс жолына шығады, деп хабарлады Elordainfo.kz.

Қазақстан құрамасының жарыс кестесі:

14:00 — тау шаңғысы, алып слалом (әйелдер)
Қатысушы: Александра Скороходова.

14:30 — фристайл-могул, параллельді могул (ерлер)
Қатысушы: Павел Колмаков.

15:15 — биатлон, із кесу жарысы 12,5 шақырым (ерлер)
Қатысушылар: Владислав Киреев, Әсет Дүйсенов.

21:03 — конькимен жүгіру, 500 м (әйелдер)
Қатысушылар: Кристина Силаева, Арина Ильященко.

Еске салайық, бұған дейін қазақстандық Михаил Шайдоров Милан Олимпиадасының чемпионы атанғаны туралы жаздық.