Ақорда ҚР СІМ мен БҰҰ университеті арасында өзара түсіністік туралы меморандумға қол қойылғанын мәлім етті, деп хабарлады Elordainfo.kz.
«Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың қатысуымен Сыртқы істер министрі Ермек Көшербаев пен БҰҰ Бас хатшысының орынбасары – университет ректоры Чилидзи Марвала Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі және Біріккен Ұлттар Ұйымы университеті арасындағы өзара түсіністік туралы меморандумға қол қойды», - делінген хабарламада.
Айта кетейік, бұған дейін Қазақстан Президенті БҰҰ университетінде дәріс оқыған болатын.