24.11.2025
RU
Мәзір

Colman Domingo and Jude Law at amfAR’s Venice Gala

Қонаевта акцизделмеген 4 тонна алкогольдік өнім жойылды

|
Photo: Қонаев қаласы әкімдігі
Colman Domingo and Jude Law at amfAR’s Venice Gala

Қонаевта акцизделмеген 4 тонна алкогольдік өнім жойылды

|
Photo: Қонаев қаласы әкімдігі

Қонаев қаласы әкімдігінің мемлекеттік активтер және сатып алу бөлімінің мамандары заңсыз сауда айналымына түскен тауарларды жойды, деп хабарлады Elordainfo.kz.

Аталған тауарлар «Іле ауданаралық сот актілерін орындау жөніндегі аумақтық бөлімі» мемлекеттік сот орындаушылары тарапынан тәркіленіп, әрі қарай шара қолдану үшін әкімдікке жіберілген. 

«Тізімге акцизделмеген 4 тоннадан аса алкогольдік өнімдер, Қытайда өндірілген бір тоннадан аса биологиялық белсенді қоспалар және акцизделмеген 80 қорап темекі өнімдері кірді», - делінген ақпаратта. 

Мүлікті жою барысында барлық комиссия мүшелері – санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасы, мемлекеттік кірістер басқармасы, кәсіпкерлік бөлімі өкілдері, сондай-ақ депутаттар мен қоғамдық ұйымдар қатысқан. 

Тауарлар қоқыс полигонына жеткізіліп, ауыр техникамен толықтай жарамсыз етілді. 

Айта кетейік, Алматы облысында бір апта өртенген қоқыс полигоны жабылуы мүмкін. 

Ұқсас жаңалықтар

Барлығы ↗