Референдум-2026

Қоғамдық көлікте телефон не сөмкеңіз қалып қойса, қайда жүгіну керек

Қоғамдық көлікте телефон не сөмкеңіз қалып қойса, қайда жүгіну керек
Фото: Нұрдәулет Кәкіш

Астанада №1 автобус паркіне қарасты автобустарда телефон, сөмке немесе өзге де жеке затыңызды ұмытып кетсеңіз, олар алдымен осы парктің диспетчерлік бөліміне жеткізіледі, деп хабарлайды Elordainfo.kz.

№1 автобус паркінің диспетчерлік бөлімі тек жүргізушілерді рейске шығаратын орын ғана емес, мұнда күн сайын автобустарда қалып қойған заттар да қабылданады.

Рейс аяқталғаннан кейін жүргізушілер жолаушылар ұмытып кеткен ұялы телефон, әмиян, сөмке және басқа да заттарды диспетчерлерге тапсырады. Кейін жоғалған зат иесі автобус паркіне хабарласып немесе өзі келіп, жеке басын растайтын мәліметтерді ұсынғаннан кейін өз мүлкін қайтарып ала алады.

Айта кетейік, бұл тәртіп тек №1 автобус паркіне қарасты автобустарға қатысты. Егер зат басқа автобус паркінің көлігінде қалып қойса, сол паркке хабарласу қажет.

№1 автобус паркі осы маршруттарға қызмет көрсетеді

№1 автобус паркі бірінші колоннасының диспетчері Сәуле Ибраеваның айтуынша, әр жүргізушінің жұмыс күні дәл осы терезеден басталады.

Диспетчерлік бөлімде жүргізушілер рейс алдында тіркеліп, жол парағын алады. Одан кейін QR-код арқылы медициналық тексеруден және техникалық бақылаудан өтіп, тек содан кейін ғана рейске шығуға рұқсат беріледі.

№1 автобус паркінің түнгі тіршілігі туралы репортажды осы жерден оқи аласыз.