Қоғамда жаңа Конституция жобасының ұтымды тұстары айтылып жатыр — Ерлан Қарин
Бүгін Конституциялық реформа жөніндегі комиссияның отырысында Мемлекеттік кеңесші Ерлан Қарин қоғамда айтылып жатқан ұсынысқа қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Elordainfo.kz Kazinform-ге сілтеме жасап.
«Жарты жылға жуық уақыт ішінде азаматтар мен сарапшылардың, түрлі ұйымдардың ұсыныстары мен бастамалары негізінде әзірленген және Конституциялық комиссияның ашық әрі тиімді жұмысының нәтижесінде жазылған жаңа Конституцияның мәтіні өткен аптада жарияланды. Қоғамдық талқылау басталды. Қоғамда жаңа Конституцияның жобасына үлкен қызығушылық бар екені байқалды. Азаматтардың көбі, сарапшылар, кәсіби мамандар, түрлі қоғамдық және саяси ұйымдардың өкілдері, ел тұрғындары 1995 жылғы қабылданған Ата заңмен салыстыра келе, жаңа Конституцияның ұтымды тұстары мен артықшылықтары көп екенін айтып жатыр», - деді Ерлан Қарин.
Еске салсақ, таяуда Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясының жобасы жарияланды.