11.11.2025
RU
Мәзір

Colman Domingo and Jude Law at amfAR’s Venice Gala

Қажылық – 2026: Сауд Арабиясы Қазақстанға 4 мың орын бөлді

|
Photo: Pixabay.com
Colman Domingo and Jude Law at amfAR’s Venice Gala

Қажылық – 2026: Сауд Арабиясы Қазақстанға 4 мың орын бөлді

|
Photo: Pixabay.com

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы Наурызбай қажы Тағанұлы мен Сауд Арабиясының Қажылық және ұмра министрі Тауфиқ ибн Фаузан ар-Рабиамен кездесуінде Қазақстанға 2026 жылғы қажылық маусымына 4000 қажылық орны бөлінгені белгілі болды, деп хабарлады Elordainfo.kz ҚМДБ ресми сайтына сілтеме жасап. 

«Кездесу барысында тараптар 2026 жылғы үлкен қажылық маусымын жоғары деңгейде ұйымдастыру мәселелерін жан-жақты талқылады. Бас мүфти қажылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету, қызмет сапасын арттыру, орналастыру және көлік жүйесін жетілдіру, сондай-ақ ақпараттық және медициналық қызмет көрсетуді тиімді үйлестірудің маңыздылығына тоқталды», – деп жазды ҚМДБ баспасөз қызметі. 

Сондай-ақ, Қазақстан мен Сауд Арабиясы визасыз, яғни заңсыз жолмен қажылық ұйымдастыруға тырысатын фирмалардың қызметіне тосқауыл қою бойынша өзара ынтымақтастық пен ақпарат алмасуды күшейтуге келісті. 
Еске салайық, 2026 жылғы қажылық сапарын ұйымдастыру бойынша туроператорлардың арасында өткізген байқаудың нәтижесі бойынша, Қазақстан қажыларын Меккеге апаратын туристік компаниялар бекітілді.

Қазақстандықтарды 2026 жылы қажылық сапарға отандық Air Astana мен Scat, саудиялық Flyadeal және кувейттік Jazeera әуе компаниялары тасымалдайды. 

Ұқсас жаңалықтар

Барлығы ↗